Қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарды, іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесін (мөлшерлемелері мен тарифтері көрсетіле отырып), осындай хабарлау қағидаларын, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 тамыздағы № 116 Қаулысы
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-2-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-23-бабы 1-тармағының сегізінші бөлігіне, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптар, іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы өнімдерін бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі (мөлшерлемелері мен тарифтері көрсетіле отырып), осындай хабарлау қағидалары, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі (бұдан әрі - Талаптар) бекітілсін.