Введите номер документа
Прайс-лист

«Іс қағаздарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № 386 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 12 мая 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 31 мая 2021
Дата последнего изменениясреда, 12 мая 2021

Іс қағаздарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 12 мамырдағы № 386 бұйрығы

 

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Іс қағаздарды жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі

 

М. Бекетаев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2021 жылғы 12 мамырдағы

№ 386 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Іс қағаздарды жүргізу қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Іс қағаздарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке орындауда іс қағаздарын жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.

2. Іс қағаздарын ұйымдастыру мен дұрыс жүргізу, сақтау, есепке алу, сондай-ақ, (қызметін тоқтатқан жағдайда) істерді жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына беруді жеке сот орындаушысы қамтамасыз етеді.

3. Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу қағаз тасығыштарда, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандарылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - АІЖОААЖ) қолдана отырып жүргізіледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом