Введите номер документа
Прайс-лист

«Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 267 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 23 июля 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 7 августа 2021
Дата последнего измененияпятница, 23 июля 2021

Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 267 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 169-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Экология, геология және табиғи ресурстар

министрі

 

 

М. Мирзагалиев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Ақпарат

және қоғамдық даму министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Сауда

және интеграция министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом