Введите номер документа
Прайс-лист

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 18 маусымдағы № 203 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 18 июня 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 6 июля 2025
Дата последнего изменениясреда, 18 июня 2025

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 18 маусымдағы № 203 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32424 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Республикадағы асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың саны туралы есеп» нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Республикадағы асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық жануарларды бағалау туралы есеп» нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың ұрығының саны туралы есеп» нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған «Асыл тұқымды жануарлардың тізілімі» нысаны бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом