Введите номер документа
Прайс-лист

«2025 - 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 141-VIII Заңы

Информация о документе
Датасреда, 4 декабря 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2025
Дата последнего изменениясреда, 4 декабря 2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

2025 - 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

 

1-бап. 2025 - 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 21 392 054 673 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 15 193 343 932 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 435 325 855 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 5 200 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 5 758 184 886 мың теңге;

2) шығындар - 25 193 022 392 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 252 140 981 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 510 480 002 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 258 339 021 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 46 891 300 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 46 891 300 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - -4 100 000 000 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 2,7 пайызы;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -10 999 700 000 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 7,3 пайызы;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 4 100 000 000 мың теңге.

 

2-бап. 2025 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 54 050 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 9 418 330 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсімдері көзделсін.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2025 жылға арналған түсімдердің көлемдері осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

 

4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есепке жатқызылатын болып белгіленсін:

1) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;

2) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары.

Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес есептелген, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың сомаларына, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтады.

 

5-бап. 2025 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алып қою көлемдері 504 192 231 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Атырау облысынан - 178 103 098 мың теңге;

Алматы қаласынан - 251 515 914 мың теңге;

Астана қаласынан - 74 573 219 мың теңге.

 

6-бап. 2025 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен трансферттер түсімдері 3 992 655 мың теңге сомасында көзделсін.

Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен трансферттер түсімдерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.

 

7-бап. 2025 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт мөлшері 2 000 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.

 

8-бап. 2025 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға 3 250 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.

 

9-бап. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері - 85 000 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 32 360 теңге;

3) зейнетақының ең төмен мөлшері - 62 771 теңге;

4) айлық есептік көрсеткіш - 3 932 теңге;

5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 46 228 теңге болып белгіленсін.

 

10-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 8,5 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін.

 

11-бап. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы болып белгіленсін.

 

12-бап. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерьлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.

 

13-бап. 2025 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қала бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемдері 5 774 300 885 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Абай облысына - 251 802 902 мың теңге;

Ақмола облысына - 383 299 707 мың теңге;

Ақтөбе облысына - 318 046 527 мың теңге;

Алматы облысына - 203 587 891 мың теңге;

Шығыс Қазақстан облысына - 270 135 370 мың теңге;

Жамбыл облысына - 465 951 698 мың теңге;

Жетісу облысына - 386 544 063 мың теңге;

Батыс Қазақстан облысына - 266 852 747 мың теңге;

Қарағанды облысына - 347 076 005 мың теңге;

Қызылорда облысына - 476 697 239 мың теңге;

Қостанай облысына - 340 665 775 мың теңге;

Маңғыстау облысына - 166 821 060 мың теңге;

Павлодар облысына - 146 670 494 мың теңге;

Солтүстік Қазақстан облысына - 336 217 821 мың теңге;

Түркістан облысына - 1 103 589 982 мың теңге;

Ұлытау облысына - 59 142 606 мың теңге;

Шымкент қаласына - 251 198 998 мың теңге.

 

14-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне:

1) ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілері қатарындағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

2) табиғатты қорғау және арнаулы мекемелер жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;

3) эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге;

4) ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

5) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған құралдарды (бұйымдарды) және атрибуттарды сатып алуға;

6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;

7) Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

8) еңбек мобильділігі орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге;

9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

10) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;

11) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға;

12) мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға;

13) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға;

14) жекеменшік орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға;

15) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға;

16) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға;

17) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға;

18) жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға;

19) вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға;

20) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге;

21) халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар сатып алуға;

22) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;

23) мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне төленетін ақыны ұлғайтуға;

24) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуге;

25) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге 2025 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің осы баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген, 2025 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

15-бап. Ауыл халқының кірісін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану мақсатында ауыл халқына микрокредиттер беру үшін облыстық бюджеттерге кредит беруге арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

16-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларға кредит беруге арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

17-бап. «Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

18-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылға арналған резерві 375 704 477 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

19-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2025 жылға арналған шығындарының құрамында жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 5 200 000 мың теңге сомасындағы қаражат республикалық бюджеттің кірістерінде көрсетіле отырып, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 10 490 926 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

 

20-бап. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің 2025 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына аудару үшін 179 531 062 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

 

21-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 2025 жылы 1 000 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

 

22-бап. 2025 жылы экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті 200 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

 

23-бап. 2025 жылға мемлекеттің кепілгерліктер беру лимиті қолданылмайды деп белгіленсін.

 

24-бап. 2025 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 32 843 600 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

 

25-бап. 2025 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 4 278 352 764 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

 

26-бап. 2025 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі осы Заңға 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2025 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде осы Заңға 6-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.

 

27-бап. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстарының болжамы осы Заңға 7-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

 

28-бап. Осы Заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

               Президенті

 

               Қ. ТОҚАЕВ

 

 

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 4 желтоқсан

                   № 141-VІІІ ҚРЗ

 

«2025 - 2027 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

2024 жылғы 4 желтоқсандағы

Қазақстан Республикасының

№ 141-VIII ҚРЗ Заңына

1-ҚОСЫМША

 

 

2025 жылға арналған республикалық бюджет

 

Санаты

Атауы

Сомасы, мың теңге

Сыныбы

Iшкi сыныбы

I. Кірістер

21 392 054 673

1

Салықтық түсімдер

15 193 343 932

01

Табыс салығы

5 087 546 655

1

Корпоративтік табыс салығы

5 087 546 655

05

Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар

7 795 818 765

1

Қосылған құн салығы

6 510 033 023

2

Акциздер

149 702 349

3

Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер

1 104 017 514

4

Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар

15 444 143

5

Ойын бизнесіне салық

16 621 736

06

Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар

2 305 622 997

1

Кедендік төлемдер

2 226 108 451

2

Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар

79 514 546

08

Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер

4 355 515

1

Мемлекеттік баж

4 355 515

2

Салықтық емес түсiмдер

435 325 855

01

Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

344 471 687

1

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері

17 700 648

3

Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер

231 168 083

4

Мемлекет меншігіндегі заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер

10 440 605

5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

65 347 382

6

Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар

4 558 200

7

Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар

1 488 998

9

Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер

13 767 771

02

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

6 393 334

1

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

6 393 334

03

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

681 986

1

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

681 986

04

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

1 970 740

1

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

1 970 740

05

Гранттар

400 649

2

Қаржылық көмек

400 649

06

Басқа да салықтық емес түсiмдер

81 407 459

1

Басқа да салықтық емес түсiмдер

81 407 459

3

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

5 200 000

02

Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату

5 200 000

1

Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату

5 200 000

4

Трансферттердің түсімдері

5 758 184 886

01

Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер

508 184 886

1

Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен трансферттер

508 184 886

04

Ұлттық қордан трансферттер

5 250 000 000

1

Республикалық бюджетке Ұлттық қордан трансферттер

5 250 000 000

Функционалдық топ

Атауы

Сомасы, мың теңге

Әкімші

Бағдарлама

II. Шығындар

25 193 022 392

01

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер

1 018 277 044

101

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

19 336 313

001

Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету

19 336 313

106

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

1 294 638

001

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтер

1 227 771

005

Қазақстандағы ұлттық құқық қорғау тетіктерінің тиімділігін күшейту

66 867

107

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты

1 137 629

001

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

1 137 629

109

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

4 421 243

001

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

4 421 243

201

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi

179 740 053

001

Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

179 740 053

204

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi

114 476 369

001

Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

85 448 487

005

Шетелдік іссапарлар

3 000 000

008

Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету

241 320

013

Халықаралық ұйымдарда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа органдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру

923 501

017

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, өзге де халықаралық және басқа органдарға қатысуы

21 784 634

019

Ақпараттық-имидждік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету

1 651 604

021

Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету

60 000

022

Шетелдегі отандастармен және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтармен байланыстарды және қатынастарды дамытуға жәрдемдесу

575 000

028

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық қызметтің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру

714 708

045

Халықаралық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметін гранттық қаржыландыру

77 115

207

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

11 545 706

001

Экология және табиғи ресурстар саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

11 545 706

211

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

5 857 993

001

Ішкі жəне сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, техникалық реттеу, стандарттау жəне өлшем бірлігін қамтамасыз ету, шикізаттық емес экспортты дамыту жəне ілгерілету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

5 857 993

217

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

183 368 742

001

Бюджеттік жоспарлауды, мемлекеттік бюджетті атқаруды және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

132 546 893

002

Халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалардың аудитiн жүзеге асыру

18 600

067

Саяси партияларды қаржыландыру

15 227 883

094

Мемлекеттік активтерді басқару

534 399

205

Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық толық жарақтандыру

35 040 967

223

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

9 816 894

001

Цифрландыру, инновациялар, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), топография-геодезия және картография саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

9 816 894

227

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

237 087 507

130

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру

11 142 300

217

Ғылымды дамыту

225 945 207

228

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

13 051 817

001

Көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

13 051 817

229

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

6 903 105

001

Өнеркәсіп, қорғаныс өнеркәсібі, геология, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

6 903 105

241

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

6 278 296

001

Энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

6 278 296

243

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

12 242 664

001

Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

11 295 626

006

Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету

620 459

057

Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуы

163 379

096

Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу

163 200

406

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

6 310 473

001

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

5 560 776

007

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру

749 697

608

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi

5 376 131

001

Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру

4 952 566

008

Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау

253 000

012

Республиканың мемлекеттiк қызмет кадрларын тестілеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер

170 565

626

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

26 291 823

001

Реформаларды қалыптастыруға және тиімді іске асыруға жәрдемдесу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік басқару жүйесі мен квазимемлекеттік секторды жетілдіруге қатысу

19 008 476

002

Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету

7 008 632

003

Халықаралық міндеттемелерді орындау және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасындағы балалар мен әйелдердің жағдайын мониторингтеу үшін мультииндикаторлық кластерлік зерттеп-қарауды жүргізу

274 715

627

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

3 625 846

001

Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету

3 625 846

628

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

18 416 580

001

Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

18 416 580

637

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты

1 672 035

001

Республика аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ету

1 672 035

651

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

6 362 112

002

Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

6 362 112

652

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі

9 443 986

001

Су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

9 443 986

690

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

20 289 842

001

Сайлау өткізуді ұйымдастыру

1 276 110

002

Сайлау өткізу

9 763 217

004

Облыстық бюджеттерге аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдерін сайлауды қамтамасыз етуге және өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

9 250 515

693

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

26 367 302

001

Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

26 367 302

694

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы

87 561 945

001

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының мемлекеттік функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

85 830 155

009

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

1 731 790

02

Қорғаныс

1 213 563 312

202

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

195 821 843

001

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруды ұйымдастыру

170 908 266

006

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу және реконструкциялау

6 219 415

007

Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар мен мекемелердің күрделі шығыстары

18 694 162

208

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

644 933 910

001

Қорғанысты және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және іске асыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

4 656 558

047

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету

640 277 352

229

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

372 807 559

004

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды қамтамасыз ету

372 807 559

03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

1 316 756 306

109

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

2 295 663

002

Мемлекеттік мекемелерді фельдъегерлік байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

2 295 663

201

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi

399 039 102

015

Халықты жеке басты куәландыратын құжаттармен, жүргізуші куәліктерімен, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттармен, нөмірлік белгілермен қамтамасыз ету

25 097 032

076

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

278 501 940

077

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру

74 651 945

078

Ішкі істер органдарының жедел-іздестіру қызметтерін жүзеге асыру

20 788 185

221

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

47 172 587

001

Мемлекет қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз ету

18 738 450

005

Адвокаттардың және заң консультанттарының заң көмегін көрсетуі

3 111 077

006

Мемлекеттік органдардың нормашығармашылық қызметін ғылыми сүйемелдеу

641 138

009

Халықты құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету және Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесін жүргізу

988 164

047

Төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында, сондай-ақ төрелікке дейінгі және сотқа дейінгі дауларды реттеу процесінде мемлекеттің мүдделерін қорғау және білдіру, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау

8 367 390

065

Сот сараптамалары жөніндегі көрсетілетін қызметтер

15 326 368

410

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

607 014 497

001

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

595 609 590

002

Ұлттық қауіпсіздік жүйесін дамыту бағдарламасы

11 404 907

501

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

103 131 305

001

Сот органдарының азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауды қамтамасыз етуі

103 099 632

006

Сот жүйесі органдарының объектілерін салу

31 673

502

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

62 651 417

001

Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға тәуелді актілердің дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру

62 162 208

015

Құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің жедел жүйесін құру

489 209

624

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

31 215 139

001

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

21 359 127

002

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша жедел-іздестіру қызметі

9 856 012

628

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

10 291 425

002

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру

8 818 527

003

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру

525 884

005

Бірыңғай ақпараттық талдау жүйесін дамыту

947 014

681

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

53 945 171

001

Күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

51 831 964

002

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін дамыту бағдарламасы

2 113 207

04

Бiлiм беру

1 440 306 825

107

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты

863 531

002

Сот кадрларына жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру

863 531

201

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi

21 329 720

079

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кадрларын оқыту, біліктілігін арттыру және қайта даярлау

21 329 720

202

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

2 953 497

003

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кадрларын оқыту, біліктілігін арттыру және қайта даярлау

2 953 497

208

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

25 615 158

005

Мамандандырылған білім беру ұйымдарында жалпы білім беру

1 222 767

011

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар мамандар даярлау

21 418 557

017

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау

2 973 834

221

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

13 789

060

Сот-сараптама кадрларының біліктілігін арттыру

13 789

224

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

742 917 835

001

Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

5 841 016

003

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету

93 946 327

004

Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету

538 452 005

006

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету

90 585 337

007

Мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру

277 984

008

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру

9 198 487

009

Техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру

528 980

010

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-ға нысаналы салым

4 087 699

226

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

62 824 839

005

Денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау

256 685

006

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

56 451 789

072

Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

6 116 365

227

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

536 588 886

001

Ғылым және жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

8 485 535

204

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету

526 781 163

230

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту

1 279 701

231

Түркі академиясын орналастыру шарттары мен тәртібі туралы келісімнің іске асырылуын қамтамасыз ету

42 487

243

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

28 036

209

Жұмылдыру органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

28 036

502

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

4 007 823

018

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату және оларға жоғары білімнен кейінгі білім беру

4 007 823

608

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi

3 084 209

002

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру

469 637

013

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

2 614 572

650

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі

13 366 869

038

Спорт саласында дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу

9 209 417

045

Туризм саласында кадрлар даярлау үшін білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

4 157 452

651

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

26 712 633

005

Мәдениеттегі және өнердегі дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу

3 449 060

006

Мәдениет пен өнер саласындағы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

3 716 181

041

Мәдениет пен өнер саласында кадрлар даярлау

19 547 392

05

Денсаулық сақтау

2 591 028 478

201

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi

8 802 557

014

Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін емдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер

8 802 557

202

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

4 164 629

004

Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін емдеу және төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтер

4 164 629

208

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

11 676 269

008

Қарулы Күштерді медициналық қамтамасыз ету

11 676 269

224

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

1 645 244

012

Балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру

1 645 244

226

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

2 520 834 392

001

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру

40 698 668

002

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына нысаналы жарна

2 298 560 559

013

Денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

4 699 851

024

«Назарбаев Университеті» ДБҰ-ға нысаналы салым

392 247

053

Арнаулы медициналық резервті сақтауды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту

109 230 797

067

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету

17 293 651

070

Қоғамдық денсаулықты сақтау

48 553 278

074

Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

1 405 341

694

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы

43 905 387

028

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

43 905 387

06

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

6 108 396 231

213

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi

6 108 396 231

001

Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру

14 674 211

027

Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және олардың төлемдерін жүргізу

6 049 131 600

034

Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

165 000

058

Республикалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту

32 825 083

068

Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту

2 997 335

074

Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

3 119 315

076

Біліктілік жүйесін дамыту

193 714

083

Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, ұйымдар жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

5 289 973

07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

257 084 245

229

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

216 668 495

039

Жетісу облысының бюджетіне Сарқан ауданының Лепсі ауылы Балқаш көлінің жағалауында «Балқаш» туристік-рекреациялық демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық желісін салуға берілетін нысаналы даму трансферттері

2 172 484

228

Тұрғын үй құрылысы саласындағы іс-шараларды іске асыру

104 600 368

229

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыру

109 895 643

241

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

40 415 750

002

Жылумен жабдықтау жүйелерін дамыту

40 415 750

08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

279 159 938

224

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

167 183

013

Ғылыми-тарихи құндылықтарға, ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету

167 183

227

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

2 242 525

219

Ғылыми-тарихи құндылықтарға, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету

2 242 525

650

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі

129 468 990

001

Спорт және туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру

1 797 305

035

Бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдау

1 369 985

036

Жоғары жетістіктер спортын дамыту

123 822 755

043

Ұлттық туристік өнімді қалыптастыру мен оны халықаралық және ішкі нарықта ілгерілету

1 374 618

051

Туризм мен туристік қызметті дамытуды ынталандыру

1 104 327

651

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

132 424 358

001

Мәдениет және ақпарат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру

4 882 577

003

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу

67 415 014

004

Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету, қоғамдық сананы жаңғырту

2 055 503

008

Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру

1 072 365

009

Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету

142 086

017

Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту

27 623

033

Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру

56 568 642

046

Қолданбалы ғылыми зерттеулер

187 961

049

Ономастикалық және геральдикалық қызметті дамыту

72 587

694

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы

14 856 882

006

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу

11 904 377

015

Щучинск-Бурабай курорттық аймағының инфрақұрылымын дамыту

2 359 477

029

Щучинск-Бурабай курорттық аймағының туристік имиджін қалыптастыру

593 028

09

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

113 450 630

202

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

998 425

025

Сейсмологиялық ақпарат мониторингі

998 425

229

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

10 900 421

056

Экономика салаларының энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету

755 029

089

Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру

9 715 446

244

«Қарағандышахтатарату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеу

429 946

241

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

101 551 784

003

Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері

65 982 351

036

Атомдық және энергетикалық жобаларды дамыту

6 395 403

041

Жылу-электр энергетикасын дамыту

29 174 030

10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

478 615 427

207

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

83 041 254

036

Тұран жолбарысын реинтродукциялау үшін жағдайлар жасау және Ұлытау таулы алқабының табиғи және тарихи-мәдени объектілерін сақтауға жәрдем көрсету

389 363

037

Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту

223 147

038

Парниктік газдар шығарындыларын азайту

265 638

039

Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті дамыту

12 234 172

044

Технологияларды және үздік практикаларды ілгерілету, бизнес пен инвестицияларды дамыту арқылы Қазақстанның «жасыл экономикаға» жылдам көшуіне жәрдемдесу

697 910

256

Орман ресурстары мен жануарлар дүниесін сақтау мен дамытуды басқару, қамтамасыз ету

68 149 091

267

Білімнің және ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру

1 081 933

212

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

226 663 634

001

Ауыл шаруашылығы және жер ресурстарын пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтер

34 546 703

016

Біріккен Ұлттардың Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымына жарналар

940 000

021

Балық ресурстарын сақтау мен дамытуды басқару, қамтамасыз ету

2 301 363

249

Мал шаруашылығын дамыту үшін және мал шаруашылығы өнiмiн өндіруге, өткізуге жағдайлар жасау

57 406 067

250

Қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру

87 826 100

255

Өсімдік шаруашылығы өнiмiн өндіруді, өткізуді дамыту үшін жағдайлар жасау

17 511 451

259

Жер ресурстары туралы ақпаратқа қолжетімділікті арттыру

15 152 440

267

Білімнің және ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру

10 979 510

223

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

5 641 553

007

Еліміздің мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етілу деңгейін арттыру

5 641 553

652

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі

160 503 500

254

Су ресурстарын тиімді басқару

123 648 973

268

Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру

36 854 527

694

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы

2 765 486

007

Ормандар мен жануарлар дүниесін күзету, қорғау, өсімін молайту

2 765 486

11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

17 141 313

211

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

8 539 547

090

Қазақстандық тауарлардың сыртқы нарыққа экспортын ілгерілетуге жәрдемдесу

8 539 547

229

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

8 515 583

057

Өнеркәсіп саласындағы технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

2 597 789

090

Өнеркәсіп салаларының дамуына жәрдемдесу

3 303 388

225

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру іс-шараларын іске асыру

2 614 406

241

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

86 183

040

Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардағы жергілікті қамтуды дамыту

86 183

12

Көлiк және коммуникация

1 221 010 724

223

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

183 878 079

003

«Электрондық үкіметті», инфокоммуникациялық инфрақұрылымды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту

107 411 122

008

Ғарыш қызметі және ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер

1 016 652

010

Ғарыш инфрақұрылымының сақталуын және оның пайдаланылуын кеңейтуді қамтамасыз ету

5 363 038

011

Пилотсыз ғарыш аппараттарын ұшыру үшін орта сыныптағы ғарыштық мақсаттағы жаңа буын зымыранының базасында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру

60 862 510

013

«KazEOSat-MR» айыру қабілеті орташа Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесін құру және пайдалануға беру

9 224 757

228

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

1 037 132 645

003

Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту

181 388 263

013

Тұрақты авиатасымалдарды субсидиялау

6 418 439

015

Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдарын субсидиялау

54 411 984

034

«Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT (әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі учаске)» жобасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру

332 416 045

091

Ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеу және олардың сапасын жақсартуға бағытталған күтіп-ұстауды ұйымдастыру

154 551 091

092

Су көлігін және су инфрақұрылымын дамыту, күтіп-ұстау

27 597 806

093

Азаматтық авиацияны және әуе көлігін дамыту

1 317 500

207

Шекара бөлімшелерін жобалау және салу

4 000 000

212

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаушының және вагондар (контейнерлер) операторларының вагондарды сатып алуына кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

20 000 000

213

Қалалық рельстік көліктің дамуын қамтамасыз ету

28 600 000

233

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындау

175 531 062

240

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткізу пункттерін салу және реконструкциялау

50 900 455

13

Басқалар

861 931 034

202

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

10 490 926

005

Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау бойынша іс-шараларды іске асыру

10 490 926

204

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi

4 382 487

006

Өкілдік шығындар

1 382 487

026

Қазақстан Республикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу

3 000 000

211

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

6 981 026

003

Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру

5 270 102

061

Техникалық реттеу және метрология саласындағы көрсетілетін қызметтер

1 710 924

217

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

413 569 048

010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві

375 704 477

044

Жай вексельдерді өтеу

27 118 072

099

«Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ-ға нысаналы аударым

7 400 000

120

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

3 346 499

223

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

21 835 440

120

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

17 235 968

205

Қазақстан Республикасының инновациялық дамуын қамтамасыз ету

4 599 472

228

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

38 053 400

120

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

38 053 400

243

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

343 488 661

082

Инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру

138 702 915

087

Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру

198 540 737

202

Құжаттамалардың сақтандыру қорын құру және сақтау бойынша іс-шараларды іске асыру

635 009

212

Кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ кепілдіктері бойынша тәуекелдер үшін комиссияны субсидиялау

5 610 000

694

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы

23 130 046

008

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының объектілерін салу және реконструкциялау

20 453 832

120

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

2 676 214

14

Борышқа қызмет көрсету

2 502 000 000

217

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

2 502 000 000

013

Үкіметтік борышқа қызмет көрсету

2 502 000 000

15

Трансферттер

5 774 300 885

217

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

5 774 300 885

400

Субвенциялар

5 774 300 885

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами