Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 109 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға тиіс және 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі | А. Альназарова |
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 21 қазандағы
№ 109 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір
өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының
тізімі