Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 262 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 13 апреля 2026
Статус
Действующийвведен в действие с 13 апреля 2026, 1 января 2027
Дата последнего измененияпонедельник, 13 апреля 2026

 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 262 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

15-тармақ мынадай мазмұндағы 506-17), 506-18), 506-19), 506-20), 506-21), 506-22), 506-23), 506-24), 506-25), 506-26), 506-27), 506-28), 506-29), 506-30), 506-31), 506-32) 506-33), 506-34), 506-35), 506-36) және 506-37) тармақшалармен толықтырылсын:

«506-17) Министрліктің азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және бекітеді;

506-18) нормативтерді, нормативтік техникалық құжаттар мен қағидаларды әзірлейді, бекітеді және (немесе) келіседі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік салалық есепке алуды жүргізеді және осы деректерді уәкілетті органға ұсынады;

506-19) Министрліктің қарауындағы жағдайды байқау, бақылау және төтенше жағдайларды болжау қызметтеріне басшылық етеді;

506-20) азаматтық қорғау саласында ғылыми зерттеулерді, білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;

506-21) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

1-тармағының тоғызыншы, оныншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

506-22) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізеді;

506-23) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешім қабылдайды;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами