Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалған ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 470 бұйрығы
(2024.28.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 388-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалған ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) кәдеге жарату төлемін енгізуіне байланысты шығыстарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын орау үшін қолданылатын полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, аралас материалдардан ораманы өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы енгізуіне байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 539 бұйрығының күші жойылды деп танылсын - (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18121 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;