«Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын Ережелер бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 266 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 29 маусымдағы № 451 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын Ережелер бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 266 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20195 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерді құжаттандыру мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақта:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруға ықтиярхат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: