ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 247 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 210 бұйрығына 2-қосымша
Арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру,
сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды
әкелуге және мұндай аумақтан оларды әкетуге рұқсат беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелуге және мұндай аумақтан оларды әкетуге рұқсат беру қағидалары «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 60-1-бабына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақтың аумағына (аумағынан) тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру, тауарларды әкелуге және әкетуге рұқсат беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - АЭА).
2. Тауарларды, оның ішінде АЭА аумағына әкелінген немесе АЭА аумағынан әкетілген Кеден одағының тауарларын өткізу бақылау-өткізу пункттері (бұдан әрі - БӨП) арқылы жүзеге асырылады.
2. Порттық және логистикалық АЭА қоспағанда, АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру тәртібі
3. Порттық және логистикалық АЭА қоспағанда, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағына тауарларды әкелу мұндай әкелу туралы мемлекеттік кірістер органына хабарлай отырып, жүзеге асырылады.
4. АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы мемлекеттік кірістер органына хабарлауды (бұдан әрі - хабарлама) мына тұлғалар (бұдан әрі - уәкілетті тұлға) жүргізеді:
тасымалдаушы (кедендік тасымалдаушы) немесе кедендік бақылаудағы шетелдік тауарларды, сондай-ақ кедендік бақылауда тұрмаған Кеден одағының тауарларын тасымалдауды жүзеге асыратын өзге тұлға;
АЭА қатысушы немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлға;
АЭА аумағында қосалқы қызметті жүзеге асыратын өзге тұлға немесе оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін тұлға;