Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың және еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 247 бұйрығы
(2020.24.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020.24.06. № 630 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-бабының 2, 4, 6 және 7-тармақтарына, 285-бабының 6 және 10-тармақтарына, 286-бабының 2-тармағына, 287-бабының 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2020.24.06. № 630 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың (бұдан әрі - ЕЭА) аумағын жайластыруға, осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда қойылатын талаптар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, ЕЭА аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, ЕЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру және ЕЭА аумағынан тауарларды әкетуге және порттық ЕЭА-ға немесе логистикалық ЕЭА-ға тауарларды әкелуге рұқсаттарды беру қағидасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес, ЕЭА аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаның нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес, ЕЭА аумағынан тауарларды әкетуге рұқсаттың нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес, порттық ЕЭА-ға немесе логистикалық ЕЭА-ға тауарларды әкелуге рұқсаттың нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес, Мемлекеттік кірістер органының ЕЭА аумағына әкелінетін тауарларға сәйкестендіруді жүзеге асыру қағидасы;