Бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы мәліметтерді, сондай-ақ тексерілетін жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 407 бұйрығы
(2017.31.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 488 бұйрығымен 2021 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 583-бабы 7-4 және 7-7-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тексерілетін жеке тұлғалармен жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тексерілетін жеке тұлғалармен жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;