Введите номер документа
Прайс-лист

«Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 188 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 27 мая 2022
Статус
Действующийвведен в действие с 12 июня 2022
Дата последнего измененияпятница, 27 мая 2022

 «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 188 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11091 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Аң аулау қағидаларына 11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Экология, геология және табиғи

 ресурстар министрі

 

 

С. Брекешев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрі

2022 жылғы 27 мамырдағы

№ 188 бұйрыққа қосымша

 

Аң аулау қағидаларына

11-қосымша

 

Нысан

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом