Введите номер документа
Прайс-лист

«Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 281 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 11 декабря 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 11 декабря 2025
Дата последнего изменениячетверг, 11 декабря 2025

«Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 281 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бекітілсін.»;

1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2-қосымша алып тасталсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры (Е.Б. Қалмақов):

1) осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдардың (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, республикалық орта білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін;

2) «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын 2024-2025 оқу жылынан бастап республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына енгізуді бастасын;

3) «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында іске асырылуын қамтамасыз етсін.».

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры (Е.Б. Қалмақов) осы бұйрықты

мүдделі мемлекеттік органдардың (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, республикалық орта білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі М. Мелдебековаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами