Нысанды киімді (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларының тізбесін, оны киіп жүру қағидаларын және айырым белгісін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 308 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 6-бабы 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының нысанды киімінің (погонсыз) айырым белгісі бекітілсін.
2. Бекітілген нормаларды іске асыру тиісті қаржылық жылға бөлінген қаражат шегінде жүргізілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 мамырдағы
№ 308 бұйрығына
1-қосымша