Қаражал қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Ұлытау облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 39 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабы 2-тармағының 16) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. «Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20542 болып тіркелген) сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаражал қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қаражал қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 142 «Қаражал қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысы;
2) Қаражал қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 39 «Қаражал қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысы.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары Д.Кулумбетовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қаражал қаласы әкімі | А. Елеусізов |
Қаражал қаласының әкімдігінің
2025 жылғы 8 мамырдағы
№ 39 қаулысына қосымша
Қаражал қаласында коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер