Введите номер документа
Прайс-лист

«Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 381 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 15 мая 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 21 мая 2024
Дата последнего изменениясреда, 15 мая 2024

«Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 381 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшартта:

1-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) форс-мажор - инвестициялық келісімшарттың одан әрі орындалу барысын қиындататын немесе оған мүмкіндік бермейтін еңсерілмейтін күш мән-жайлары (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және т.с.с.);»;

7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

1-тармақтың жетінші абзацы 2024 ж. 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

«7) инвестициялық жоба - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірісін қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешені;

8) инвестициялық басым жоба - ол:

1-тармақтың тоғызыншы, оныншы абзацтары 2024 ж. 9 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді

егер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде өзгеше көзделмесе, заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем болмайтын мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін құру бойынша;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом