«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 372 бұйрығы
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 86 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығына енгізу (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8676 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 282 (27556) «Казахстанская правда» газетіне жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Персоналды басқару қызметі (басқару құқығында) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі | А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 29 шілдедегі