«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізімін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 535 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізімін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3254 тіркелген, 2008 жылғы 10 маусымда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: