Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы
Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 Қаулысы
(2026.06.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016.20.12. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.22.12. № 455 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016.20.12. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.01.08. № 221 Қаулысымен (2024 ж. 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына, Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабының 2 - тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016.20.12. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.22.12. № 455 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы ол ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң әрекет етеді.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ш.Өмірзақовқа жүктелсін.
| Облыс әкімі | С. Сағындықов |