Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесін бекіту туралы
Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 қаулысы
(2016.20.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016.20.12. № 535 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016.20.12. № 535 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016.20.12. № 535 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы ол ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң әрекет етеді.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ш.Өмірзақовқа жүктелсін.
| Облыс әкімі | С. Сағындықов |
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010.25.05. № 163 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.20.08. № 299 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.20.12. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Облыс әкімдігінің
12 мамырдағы 2008жылғы № 167
қаулысына қосымша
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің
тізбесі
Өзендер:
| № | Атауы | Ұзындығы,км |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Елек (салаларымен) | 257 |
| 2. | Ырғыз (салаларымен) | 593 |
| 3. | Ембі (салаларымен) | 500 |
| 4. | Ор (салаларымен) | 200 |
| 5. | Ойыл (салаларымен) | 522 |
| 6. | Үлкен Қобда (салаларымен) | 225 |
| 7. | Торғай (салаларымен) | 160 |
| 8. | Қарғалы (салаларымен) | 114 |
| 9. | Сағыз (салаларымен) | 152 |
| 10. | Темір (салаларымен) | 213 |
| 11 | Қара Қобда | 138 |
| 12 | Қиыл | 193 |
| 13 | Сазды | 40 |
Көлдер: