Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 455 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3254 тіркелген, 2008 жылғы 10 маусымдағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е. Абдуллинге жүктелсін.