Введите номер документа
Прайс-лист

Кәбілдік кәрiздерді мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 573 бұйрығына 6-қосымша) (2018.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 29 июля 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 12 октября 2020

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

міндетін атқарушының

2015 жылғы 29 шілдедегі

№ 573 бұйрығына 6-қосымша

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 65 бұйрығымен күші жойылды

 

Кәбілдік кәрiздерді мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы табиғи монополиялар
субъектілерінің тұтынушыларға

қызметтер көрсету стандарты

(2018.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 99 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кәбілдік кәрiздерді мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - қызметтер) табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъекті) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін тәртіпті және жалпы қағидаттарын айқындау мақсатында әзірленді.

 

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 99 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-тарау. Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі

 

2. Реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуді алу үшін тұтынушы Субъектіге еркін үлгіде өтініш (бұдан әрі - өтініш) жолдайды.

3. Тұтынушылардың өтініштері мәлімделген көлемге немесе осы саладағы көрсетілетін қызметтерді тұтынудың басқа да шарттарына қарамастан тең жағдайлармен қабылданады.

4. Өтініш жазбаша түрде екі данада ресімделеді, тіркеу нөмірі, күні, өтініштің келіп түсу уақыты бар олардың бірі тұтынушыда қалады.

5. Субъекті өтініштерді тіркеу журналын жүргізеді, ол нөмірленуге және тігілуге тиіс. Өтініштерді тіркеу журналында өтініш түскен күні мен уақыты, сондай-ақ тіркеу нөмірі белгіленеді.

6. Келіп түскен өтініштерді қабылдаудан бас тартуға, күні мен уақытын, сондай-ақ оның тіркеу нөмірін бұрмалауға жол берілмейді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом