Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 29 шілдедегі № 573 бұйрығы
(2018.10.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 65 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 99 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.10.12. № 99 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіп кәсіпорындарының және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес магистральдық теміржол желісі саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға көрсететін қызметтерінің стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес кәбілдік кәрiздерді мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарты;