Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 66-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар және өзге ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының (бұдан әрі - Жоспар) уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
3) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Тұжырымдаманың іске асырылуы туралы есепті ұсынып тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының мазмұны
1-бөлім. Паспорт (негізгі параметрлер)
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
1-тарау. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы
2-тарау. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
3-тарау. Педагог мәртебесі
4-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
5-тарау. Орта білім беру
6-тарау. Техникалық және кәсіптік білім беру
7-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
8-тарау. Білім беру сапасын бағалау