«Ересектердегі созылмалы бүйрек ауруы» диагностика және емдеу клиникалық хаттамасын қайта қарау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 298 бұйрығы
«Клиникалық хаттамаларды әзірлеу мен қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-188/2020 бұйрығының 11 тармағына және 2023 жылғы 13 наурыздағы Қазақстан Республикасының нефрологиялық қызметінің проблемалық мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесі хаттамасының 2.1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Ересектердегі созылмалы бүйрек ауруы» диагностика және емдеу клиникалық хаттамасын қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) бекітілсін.
2. Жұмыс тобы (С.К. Туғанбекова):
1) гемодиализде жүрген пациенттерге витаминотерапияны (В, С тобының витаминдері) және ақуызды тамақтануды қолдану бойынша халықаралық тәжірибені зерттесін;
2) «Ересектердегі созылмалы бүйрек ауруы» диагностика және емдеу клиникалық хаттамасының (бұдан әрі - КХ жобасы) қайта қаралуы жүргізілсін. Мерзімі - 2023 жылдың 05 маусымына дейін;
3) КХ жобасын сараптамалық бағалау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - ҚР ДСМ ҰҒДСДО) ұсынсын. Мерзімі - 2023 жылдың 09 маусымына дейін.
3. ҚР ДСМ ҰҒДСДО (Г.Ө. Құлкаева):
1) дәлелді медицинаны ескере отырып, халықаралық тәжірибеде гемодиализде жүрген пациенттерге витаминотерапияны (В, С тобының витаминдері) және ақуызды тамақтануды қолдану бойынша анықтамалық шолу жүргізсін және Жұмыс тобына ұсынсын;
2) КХ жобасына сараптамалық бағалауды жүргізсін. Мерзімі - 2023 жылдың 16 маусымына дейін;
3) КХ жобасын ҚР ДСМ Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясына ұсынсын. Мерзімі - 2023 жылдың 26 маусымына дейін;