Введите номер документа
Прайс-лист

«Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін пайдалану қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 264/НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 28 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 14 июня 2025
Дата последнего изменениясреда, 28 мая 2025

Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін пайдалану қағидаларын және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 264/НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 115) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін пайдалану қағидалары және оларға қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілеріне пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 61 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14164 болып тіркелген);

2) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 51 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18280 болып тіркелген) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом