Уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау және мемлекеттік кірістер органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 223 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау және мемлекеттік кірістер органдарына осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қаржы Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е.А. Досаев
2015 жылғы 23 сәуір
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 223 бұйрығымен
бекітілген
Уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза
отырып пайдаланылатын жер учаскелерін айқындау және мемлекеттік кірістер органдарына
осындай жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну
қағидалары
1. Жалпы ережелер