Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 49 Қаулысы
(2015.03.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2015.03.04. № 196 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1244 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 25-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүдделі тұлғалар (бұдан әрі - өтініш берушілер) жұмыстарды жүргізудің басталуы жөнінде құзыретті органға мыналарды:
1) теңізде ғылыми зерттеулер жүргізудің сипаты мен мақсаты туралы ақпаратты;
2) теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу жоспарланатын ауданның географиялық координаттарын, көрсетілген аудандарға баратын және кері қайтатын маршруттарды;
3) зерттеу жүргізетін кемелердің алғашқы келетін және түпкілікті кететін болжамды күндері, қатыстырылатын кемелер мен жүзіп жүретін құралдардың түрлері, ғылыми жабдықтарды орналастыру және шығару мерзімдерін қамтитын хабарлама жібереді.»;
8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: