Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 215 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп мыналар танылсын:
1) «Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 23 қазандағы № 36 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33584 болып тіркелген);
2) «Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қазандағы № 36 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 175 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36150 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі | Е. Нагаспаев |