Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ 2014.10.10 № 114 БҰЙРЫҒЫ

Информация о документе
Датапятница, 10 октября 2014
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 10 октября 2014

Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 қазандағы № 114 бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 2014 жылдың 5 шілдесінде қабылдануына байланысты, мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен сәйкестендіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкін құру және оның жүргізілуі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 12 қарашадағы № 134 бұйрығы күші жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8101 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 ақпандағы № 71 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты жолдасын:

1) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне;

2) ресми жариялауға;

3) мәлімет және қызметте пайдалану үшін мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, орындау үшін Комитеттің аумақтық органдарына.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2015 жылғы 1-қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом