Введите номер документа
Прайс-лист

«Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 258 бұйрығы (2015.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 11 декабря 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 25 августа 2017

Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 258 бұйрығы

(2015.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 572 бұйрығымен күші жойылды

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 16-1-бабы 4-тармағына сәйкес және «Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығымен бекітілген Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидалардың 13-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне (Б.Б. Қанешев) жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.

 

 

Министр

Ә. Исекешев

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015.23.07. № 785 бұйрығымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами