Бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізу және есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-244/2020 бұйрығы
(2024.30.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.16.07. № 56 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 30 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және саулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 115-бабы 2-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізу және есептерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі | А. Цой |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 10 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-244/2020
бұйрыққа қосымша
Бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізу және есептерді ұсыну
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.16.07. № 56 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 30 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)