Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 164 Жарлығы

Информация о документе
Датачетверг, 19 сентября 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 19 сентября 2019
Дата последнего изменениячетверг, 19 сентября 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 879 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 4, 42-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы ережеде:

3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мыналарды:

әкімшілік полиция, көші-қон қызметі комитеттерінің төрағаларын және олардың орынбасарларын;

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі орталық аппараты департаменттерінің бастықтарын және олардың орынбасарларын;

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, көліктегі полиция департаменттерінің бастықтарын, сондай-ақ олардың орынбасарларын;

Алматы, Қарағанды, Қостанай академияларының, Ақтөбе заң институтының бастықтарын және олардың орынбасарларын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу;».

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 19 қыркүйек

 

                 № 164

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2019 жылғы 19 қыркүйектегі

№ 164 Жарлығына

ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2019 жылғы 18 наурыздағы

№ 879 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының

полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом