Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 76 шешімі
(2026.18.04. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Рудный қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат төрағасы | А. Искаков |
Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2025.05.01. № 196 шешімімен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 2 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қостанай облысы
Рудный қаласы мәслихатының
2023 жылғы 2 қарашадағы
№ 76 шешіміне
1-қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1. Жалпы ережелер