«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 2019 жылғы 24 қазандағы № 9 бұйрығы
ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі - Департамент) Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Департаменттің Персоналды басқару бөліміне (кадр қызметіне) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Департамент басшысы | Н. Ахметзакиров |
«Келісілген»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
2019 жылғы «__»_________
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)
басшысының 2019 жылғы 24 қазандағы
№ 9 бұйрығына қосымша