Введите номер документа
Прайс-лист

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, қайта өңдеуге арналған тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына өнім өндіру мақсатында импортталатын тауарлардың, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 126 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 28 ноября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2026
Дата последнего измененияпятница, 28 ноября 2025

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, қайта өңдеуге арналған тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына өнім өндіру мақсатында импортталатын тауарлардың, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 126 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, қайта өңдеуге арналған тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына өнім өндіру мақсатында импортталатын тауарлардың тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, қайта өңдеуге арналған тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына өнім өндіру мақсатында тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Ұлттық экономика министрі

 

 

С. Жумангарин

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом