Введите номер документа
Прайс-лист

«Бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 24 октября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2026
Дата последнего измененияпятница, 24 октября 2025

Бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 111-бабы 2 және 5-тармақтары, 113-бабының 2-тармағы және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесінің қағидасы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес фискалдық деректер операторын тізбеге енгізу және тізбеден шығару қағидасы;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарының қағидасы;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою туралы нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы нысаны;

6) осы бұйырыққа 6-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелердің орындалуы нысаны;

7) осы бұйырыққа 7-қосымшаға бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы нысаны бекітілсін.

2. осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және

2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом