Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 маусымдағы № 319-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 маусымдағы № 319-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы
және бал ара шаруашылығы мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) бүкіл мәтін бойынша «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 1-бапта:

1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;

5) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«5) асыл тұқымдық кітап - белгілі бір тұқымға жататын асыл тұқымды малдардың асыл тұқымдық құндылығын ескере отырып, олардың шығу тегі, өнімділігі және өзге де сапалары жөніндегі деректер жиынтығы;»;

«15) асыл тұқымдық өнім (материал) - асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар; асыл тұқымды аналық бал ара, сондай-ақ асыл тұқымды бал ара ұясы, аталық бал араның ұрығы, асыл тұқымды аналық бал арадан алынған жұмыртқалар, құртшабақтар;»;

23) тармақша алып тасталсын;

33) тармақша «тұқымдық» деген сөзден кейін «және өнімділік» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«2-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын дамыту үшін оның экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жағдай жасау.

2. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының міндеттері:

1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;

2) асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алуды ұйымдастыру;

3) асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау;

5) селекциялық және асыл тұқым алу жұмысын ұйымдастыру мен дамыту, сондай-ақ селекцияның заманауи әдістерін ендіру.

3. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының қағидаттары:

1) асыл тұқымды малдардың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорының сақталуын қамтамасыз ету;

2) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы есепке алудың анықтығы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашықтығы;

3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ету.»;

4) 9-баптың төртінші бөлігі «орталықтар» деген сөзден кейін «осы Заңға сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мыналарға:

асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердегі, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқым алу жұмысының, оны есепке алу мен есептіліктің жай-күйіне;

асыл тұқымды жануарларды бонитеттеу және (немесе) индекстік бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;»;

Осы Заңның 3-бабын қараңыз

6) 16-2-бапта:

4-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «(заңды тұлға үшін)» деген сөздер алып тасталсын;

5-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «(заңды тұлға үшін)» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Уәкілетті органды республикалық палата ретінде қызметін бастағаны туралы хабардар еткен заңды тұлға:

1) әділет органдарында осы Заңның 28-2-бабы 5-тармағының талаптары ескеріле отырып, республикалық палата нысанында тіркелуге;

2) осы Заңның 28-3-бабының 9-тармағында көзделген өкілеттіктерді уақтылы және сапалы орындауға;

3) штатында тиісті мамандықтар бойынша жұмыскерлері болуға міндетті.

Хабарламаға мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

2) тиісті «ауыл шаруашылығы және биоресурстар» немесе «ветеринария» мамандықтары бойынша жұмыскерлердің штатын растайтын құжаттардың көшірмесі.»;

7) 16-3-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Белгілі бір тұқымға жататын асыл тұқымды малдардың асыл тұқымдық құндылығы ескеріле отырып, олардың шығу тегі, өнімділігі және өзге де сапалары жөніндегі деректер асыл тұқымдық кітапқа енгізіледі.»;

8) 18-бапта:

тақырыптағы «және өткізу» деген сөздер «және (немесе) өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтағы «және өткізу» деген сөздер «және (немесе) өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

4) тармақшадағы «және өткізіледі» деген сөздер «және (немесе) өткізіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары ұрықтың импортына да қолданылады.»;

3-тармақтың 4) тармақшасындағы «және өткізіледі» деген сөздер «және (немесе) өткізіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 20-баптың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«асыл тұқымды жануарларды өз өнімділігі бойынша бағалауға (сынақтарға) және (немесе) геномдық бағалауға;

ұрпақ сапасы бойынша бағалауға және (немесе) геномдық бағалауға жатады.»;

10) 28-2-баптың 5-тармағында:

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағында бал аралардың барлық тұқымы бойынша бір республикалық палата құрылады.»;

төртінші бөліктегі «бал ара шаруашылығы,» деген сөздер алып тасталсын;

11) 28-3-бапта:

3-тармақта:

үшінші бөліктегі «кеңесінің құрамы жыл сайын үштен біріне» деген сөздер «кеңесі құрамының үштен бірі екі жылда бір рет» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктегі «өңірлердің тең» деген сөздер «өңірлер» деген сөзбен ауыстырылсын;

9-тармақта:

6) тармақша «кітаптарды» деген сөзден кейін «уәкілетті орган белгілеген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;

7) тармақшадағы «бонитирлеу» деген сөз «асыл тұқымды жануарларды есепке алуды жүргізуге және оның жай-күйіне, бонитеттеу» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

2-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) асыл тұқымдық өнім (материал) - асыл тұқымды мал, сондай-ақ асыл тұқымды малдан алынған ұрық, эмбриондар, инкубациялық жұмыртқа, тәуліктік балапандар, уылдырық, құртшабақтар мен жас балықтар; асыл тұқымды аналық бал ара, сондай-ақ асыл тұқымды бал ара ұясы, аталық бал араның ұрығы, асыл тұқымды аналық бал арадан алынған жұмыртқалар, құртшабақтар;».

3. «Бал ара шаруашылығы туралы» 2002 жылғы 12 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) аналық бал ара - молықтыру функциясын орындайтын, дамыған жыныстық жүйесі бар бал ара ұясының дара аналығы;»;

мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) аспаптық ұрықтандыру пункті - арнайы жабдықты пайдаланып, аналық бал араларды жасанды ұрықтандыру жүргізілетін арнаулы үй-жай;

1-2) асыл тұқымды аналық бал ара - ұрпағына тұрақты түрде беретін асыл тұқымдық құндылығымен сипатталатын, өнімділігі жоғары бал ара ұясының таза тұқымды аналық бал арасы;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) асыл тұқымды бал ара ұясы - асыл тұқымды аналық бал арадан, сондай-ақ бал аралардан, аталық бал арадан және белсенді кезеңде асыл тұқымды аналық бал арадан алынған тұқымдықтан тұратын өнімділігі жоғары тұтас биологиялық бірлік;»;

мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«3-1) аталық бал ара - молықтыру функциясын орындайтын бал ара ұясының дара аталығы;

3-2) бал - бал аралардың жинаушылық және физиологиялық қасиеттері нәтижесінде алынған, өсімдіктер шірнесінен немесе өсімдіктердің тірі бөліктерінің бөліндісінен немесе өсімдіктердің тірі бөліктерінде паразиттік тіршілік ететін жәндіктердің бөліндісінен пайда болатын, бал аралар жинайтын, өздері бөлетін ерекше заттарымен араластырып түрлендіретін, кәрездер ұяшығына салатын, сусыздандыратын, жинақтайтын және пісіп-жетілуі үшін кәрездерде қалдыратын табиғи өнім;

3-3) бал аралардың кәрез пакеті - тасымалдау үшін жәшікке жиналған, кәрездері мен тұқымдығы бар бал ара ұясы;

3-4) бал аралардың кәрезсіз пакеті - тасымалдауға арналған, кәрезсіз жәшіктегі аналық бал ара мен қорегі бар бал аралар;»;

4), 6), 7), 10) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«4) бал араның бал ұясы - бір немесе бірнеше бал ара ұясын ұстауға арналған құрылысжай;»;

«6) бал ара тұқымы - белгілі бір табиғи-климаттық жағдайларда қалыптасқан, селекциялық және асыл тұқым алу жұмысы нәтижесінде морфологиялық, физиологиялық және шаруашылықта пайдалы қасиеттерді іріктеу, сұрыптау арқылы сүйемелденетін, мұрагерлік бойынша тұрақты түрде берілетін белгілер жиынтығына ие жалпы тектес бал ара ұяларының тобы;

7) балауыз тетік - бал ара немесе аталық бал ара ұяшықтарының бедерлі түбі бар балауыз парақ;»;

«10) бал ара ұясы - аналық бал арадан, бал аралардан, аталық бал аралардан, белсенді кезеңде тұқымдығы бар ұядан және қоректен тұратын қоғамдастық;»;

«12) бал ара шаруашылығы өнімдері - бал ара ұясының жинаушылық және физиологиялық қасиеттері арқасында алынған өнімдер;»;

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) оқшауланған шағылыстыру пункті - бал аралардың аудандастырылған тұқымдарын, бал аралардың жергілікті (абориген) популяцияларын сақтауға, жақсартуға және молықтыруға арналған, жергілікті жердің әдейі таңдалған учаскесі;»;

15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«15) омарта - бал ара ұялары бар белгілі бір жерде орналастырылған бал араның бал ұялары;»;

мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

«15-1) омартаның ветеринариялық паспорты - омартаның иесі, бал ара ұяларының саны, жүргізілген ветеринариялық өңдеулердің мерзімі мен сипаты көрсетілетін белгіленген нысандағы құжат;»;

2) 1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:

«2-1-бап. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты, міндеттері мен қағидаттары

1. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының мақсаты - бал ара шаруашылығын дамыту, сондай-ақ бал араларды қорғау мен сақтау үшін жағдай жасау.

2. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының міндеттері:

1) бал ара шаруашылығы саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;

2) бал ара шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) селекциялық және асыл тұқым алу жұмысын ұйымдастыру және дамыту, сондай-ақ селекцияның заманауи әдістерін ендіру;

4) бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды есепке алуды ұйымдастыру;

5) бал ара шаруашылығы саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау.

3. Қазақстан Республикасының бал ара шаруашылығы туралы заңнамасының қағидаттары:

1) бал ара тұқымдарының сақталуын қамтамасыз ету;

2) бал ара шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау;

3) бал ара шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға тең қолжетімділік;

4) бал ара шаруашылығын дамыту мәселелерін шешуге жеке және заңды тұлғалардың қатысуы;

5) бал ара шаруашылығын ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз ету.»;

3) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Көшпелі омарталар бір-бірінен кем дегенде бір жарым километр және стационарлық омарталардан үш километр қашықтықта бал жинау көздерінде орналастырылуға тиіс.

Стационарлық және (немесе) көшпелі омарталарды энтомофильді өсімдіктерді егу және (немесе) отырғызу арқылы іргелес аумақтарда бал шырынды базаны ұйымдастыратын стационарлық және (немесе) көшпелі омарталарға бес километрге жақын жерде орналастыруға жол берілмейді.

Стационарлық және көшпелі омарталарды бұрын орналастырылған басқа омартадан бал жинау көздеріне қарай бал аралардың ұшу жолында орналастыруға жол берілмейді.»;

4) 13-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«13-бап. Бал ара ұяларын тасымалдау (көшіру). Бал араларды бал араларының кәрез пакетінде немесе бал араларының кәрезсіз пакетінде тасымалдау»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бал араларды бал араларының кәрез пакетінде немесе бал араларының кәрезсіз пакетінде тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

5) 14-1-бапта:

тақырыптағы «Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)» деген сөздер «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

бірінші абзацтағы «Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)» деген сөздер «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте бал араларды қорғау, молықтыру және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды және (немесе) қамтамасыз етуді;»;

6) 15-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

«4. Омарталарды есепке алу және емдеу-алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар әрбір омартаға ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысанда омартаның ветеринариялық паспортын береді.»;

7) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«17-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы селекциялық және асыл тұқым алу жұмысы

1. Жеке және заңды тұлғалардың бал ара шаруашылығы саласындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) өсіру және (немесе) өткізу жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Бал аралардың аудандастырылған тұқымдары мен бал аралардың жергілікті (абориген) популяцияларын сақтау, жақсарту және молықтыру мақсатында жеке және заңды тұлғалар оқшауланған шағылыстыру пунктін және (немесе) аспаптық ұрықтандыру пунктін аша алады.

3. Жеке және заңды тұлғалар оқшауланған шағылыстыру пунктінде қызметін жүзеге асыру кезінде бір мезгілде мынадай талаптарды сақтауы қажет:

1) ұрықтандырылмаған аналық бал араларды шығу тегі белгілі бір тұқымның аталық бал араларымен бақыланатын жұптастыру бойынша қызметтер көрсету;

2) оқшауланған шағылыстыру пункті жұмысының бүкіл кезеңінде тиісті сападағы аталық ұяларды күтіп-ұстау және аталық бал аралардың жеткілікті санының болуы;

3) аналық бал араның жұмыртқа салуының басталуы туралы құжатты және аталық ұялардың шығу тегі туралы деректерді беру;

4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған өзге де талаптарды сақтау.

4. Оқшауланған шағылыстыру пункті үшін берілген жергілікті жер учаскесінің айналасында радиусы жеті километр болатын қорғаныш аймағы белгіленеді. Қорғаныш аймағына селекциялық процеске қатыспайтын аталық бал аралары бар бал ара ұяларын әкелуге тыйым салынады.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3-бап. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жұмыс істейтін республикалық палаталарды асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны жібермей, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде енгізеді.

Осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне енгізілген республикалық палаталар тізілімге енгізілгеннен кейін үш ай ішінде өз қызметін осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының сегізінші және он бірінші абзацтарында көзделген талаптарға сәйкес келтіруге міндетті.

Осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 6) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарының талаптары осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген республикалық палаталарға олар асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне енгізілгеннен кейін үш ай өткен соң қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

   Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 19 маусым

           № 319-VIII ҚРЗ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить в список основных источников в Google

Документ не введен в действие
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!