Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығы

Информация о документе
Датавторник, 30 июля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 30 июля 2024
Дата последнего изменениявторник, 30 июля 2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары (бұдан әрі - Ұлттық даму жоспары) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:

1) өз қызметінде Ұлттық даму жоспарын басшылыққа алсын;

2) осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

«Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 - 2026 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 431 Қаулысын қараңыз 

3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ.ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 30 шілде

 

№ 611

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2024 жылғы 30 шілдедегі

№ 611 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2029 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҰЛТТЫҚ ДАМУ

ЖОСПАРЫ

2024 жыл, Астана қаласы


МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

Іске асырудың негізгі қағидаттары

1. Өмірдің жоғары сапасы

1.1. Денсаулық сақтау

1.2. Білім және ғылым

1.3. Әлеуметтік қорғау

1.4. Жайлы орта

2. Экономиканың берік іргетасы

2.1. Минералды-шикізат базасы: мұнай және газ

2.2. Минералды-шикізат базасы: металдар және басқа да пайдалы қазбалар

2.3. Энергетика

2.4. Өңдеу өнеркәсібі

3. Өсудің жаңа нүктелері:

3.1. Көлік-логистика кешені

3.2. Агроөнеркәсіптік кешен

3.3. Инновациялар, цифрлық және креативті экономика

3.4. Туризм

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом