Талдықорған - Өскемен республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 23 маусымдағы № 158 бұйрығы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) I-б және II санаттағы Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы (Үбе ө/п) (Сарқанд, Аягөз айналма жолымен және Мұқры шатқалына кіреберіс жолымен) (KAZ08) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Талдықорған - Өскемен 287+000 - 1073+000 километр (бұдан әрі - км) учаскесі (бұдан әрі - ақылы жол (учаске) ақылы негізде қолданылады;
2) жол жүру облыстық маңызы бар «Талдықорған - Үштөбе - Молалы - Лепсі - Ақтоғай - Тансық - Аягөз - Қарауыл - Семей» және республикалық маңызы бар «Семей - Өскемен» баламалы автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті - 287+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті - 1073+000 км;
4) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы - I-б және II санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені - кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс жолақтың саны - 2 және 1 екі бағытта жолақ;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы - 772,955 км;
7) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері айқындалады;
8) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі - 20 жыл деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;