Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ...

Информация о документе
Датасуббота, 5 мая 2018
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясуббота, 5 мая 2018

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы

(2018.05.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3, 7-тармақтарына сәйкес қаулы етемін:

1. «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты (бұдан әрі - Аппарат) туралы ереже;

2) Аппараттың құрылымы;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасымен, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 23-і.

 

№137

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2015 жылғы 23 желтоқсандағы

№137 Жарлығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы
ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты (бұдан әрі - Аппарат) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом