Введите номер документа
Прайс-лист

«Темір жол өтпелерін пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 495 бұйрығы

Информация о документе
Датасреда, 10 июля 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 28 июля 2019
Дата последнего изменениясреда, 10 июля 2019

«Темір жол өтпелерін пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 495 бұйрығы

 

«БҰЙЫРАМЫН:

1. «Темір жол өтпелерін пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6899 болып тіркелген, 2011 жылғы 8 маусымда «Заң газеті» газетінің № 79 (1895) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Теміржол өткелдерін техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Теміржол өткелдерін техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол өтпелерін техникалық пайдалану қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами