«Ғылыми тағылымдамадан өтуді іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 382 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларының 15-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 14-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ сараптамалық комиссиясының құрамын жаңарту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ғылыми тағылымдамадан өтуді іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 214 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу қорытындысы бойынша әрбір үміткердің нәтижесі Комиссияның әрбір мүшесі қойған бағалардың орташа балдарын жиынтықтау арқылы алынған жалпы орташа балдың негізінде айқындалады.
Үміткердің жеке әңгімелесу нәтижесі:
5 (бес) балдан 3,25 (үш бүтін жүзден жиырма бес) және одан жоғары бал жинаған кезде - «ұсынылды» деп танылады, есептеу кезінде жүздікке дейін дөңгелектенеді;
5 (бес) балдан 3,0 (үш бүтін оннан нөл) және одан төмен жинаған кезде - «ұсынылмады» деп танылады, есептеу кезінде жүздікке дейін дөңгелектенеді.
Үміткерлерді бағалау жүйесі Іріктеу қағидаларына 9-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.»;