Жетісу облысының 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-64 шешімі
Осы редакция 2024 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8, 75-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 466 004 755 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсiмдер бойынша 46 876 841 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша 1 652 353 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер бойынша 17 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша 417 458 561 мың теңге;
2) шығындар 464 104 151 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 3 400 555 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 14 715 384 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 11 314 829 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 863 160 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 863 160 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 2 363 111 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 2 363 111 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 13 673 384 мың теңге;
қарыздарды өтеу 11 310 273 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.