«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2025 жылғы 9 маусымдағы № 05-н/қ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының м.а. 2025 жылғы 20 желтоқсандағы № 91-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2025 жылғы 9 маусымдағы № 05-н/қ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 211364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы және оның аумақтық бөлімшесі туралы ережелерді бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігі төрағасының
2025 жылғы 9 маусымдағы
№ 05-н/қ бұйрығына 1-қосымша»
тақырып жаңа редакцияда жазылсын: