«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 10 наурыздағы № 149 бұйрығы
ҚР Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 124 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 58 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлiк комитетi» республикалық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбеде:
13) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті: