Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 380 бұйрығы
(2025.01.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.31.12. № 462 бұйрығымен (2025 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.14.07. № 258 бұйрығымен (2025 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидалары бекітілсін.
2. «Геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру және жинақтап қорыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 413 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11396 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;