ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2017 жылғы тамыздың 8-і.
№ 528
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 8 тамыздағы
№ 528 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің
СИПАТТАМАСЫ
1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары лауреатының дипломы:
1) көлемі 330 х 115 мм қатты мұқабадан;
2) көлемі 320 х 110 мм жапсырма беттен тұрады.
Дипломның мұқабасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес былғарыдан жасалады.
Дипломның мұқабасында алтын түспен бедерленіп салынған:
1) үстіңгі жағында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;
2) Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі жағында - мемлекеттік тілде:
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін:
«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы
ғылым мен техника саласындағы