Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 113 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - өзгерістер) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістердің 1-тармағының бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарын, 2-тармағының он төртінші, он алтыншы, он жетінші, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма үшінші абзацтарын, 3-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі | А. Ертаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2026 жылғы 1 сәуірдегі
№ 113 бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесі
1. «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13109 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: